RU

Адамның түрімен туған бұзау әлем жұртының жағасын ұстатты

Аргентинада жергілікті тұрғын сиырларының бірінен туған адамға ұқсас бұзауды видеоға түсіріп алды. Оның түрі көпшіліктің үрейін ұшырды деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Аргентинада жергілікті тұрғынның сиыры адамның келбетіне ұқсас бұзау туған.

Алайда, кішкентай жануардың бас сүйегі өмір сүруге сәйкес келмейтін болған соң, бірнеше сағаттан кейін бұзау өлім құшқан.

Генетика сарапшысы Николас Маньяго қоғамды аталған жағдайға бола дүрлікпеуді сұрады.

Оның сөзінше, генетикалық ауытқулар жиі кездесе бермесе де, оны тылсым күшпен байланыстырудың қажеті жоқ екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1816209-adamny-trimen-tugan-bzau-lem-zrtysylygyny-zagasyn-statty-video.html