Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Шаһизада үшінші немересін перзентханадан шығарып алды (фото)

Опубликовано:

Жақында ғана үшінші мәрте әже атанған отандық танымал әнші Шаһизада Байбатжанова келіні мен немересін перзентханадан шығарып алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шаһизада өзіне Дияр есімді немере сыйлаған келініне гүл шоқтарын сыйлап, анасы мен баласын үйіне алып кеткен.

Әншінің отбасындағы қуанышты жағдайға тек ет-жақындары ғана жиылыпты.

Өнер иесінен басқа, балалы болған ерлі-зайыптылардың достары да жас сәбиді перзентхана алдынан күтіп алған.

Үшінші мәрте әже атанған Шаһизада бірден Instagram желісінде немересімен түскен суретін жариялап қойды. Қуанышқа толы сәттің куәгерлері де өз парақшаларында түрлі видео және фотолармен бөліскен.

Немересін құшағына басқан әже қонақтарына үйде үлкен дастархан жайып, әже атанғанын тойлаған.

Желі қолданушылары өз кезегінде шоу-бизнес жұлдызын құттықтап, ақ тілегін білдіріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1816282-nsi-sahizada-sinsi-nemeresin-perzenthanadan-sygaryp-aldy-foto/

pixel