Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жерден алып, жерге салды": Әлімжанов алғашқы жұмыс күнінен алған әсерімен бөлісті

Опубликовано:

Күні кеше мәжілістің отырысына бірінші рет қатысқан депутат Нұрлан Әлімжанов жаңа қызметіндегі алғашқы әсерін айтты. Күн тәртібінде республикалық бюджет мәселесі қаралған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Үш жылдық бюджет таныстырылған болатын. Біздің сөзімізбен айтқанда, "премьерасы", тұсаукесері болды. Мен әріптестерімнің жұмысын көріп, жақсы әсер алдым. Әрқайсысының бойында білімі де бар, біліктілігі де бар, оты да бар.
Әрбір депутат генератор – қозғаушы күш сияқты. Министрге де, вице-министрге де өзекті сұрақ қойып, ортақ жұмысқа қан жүгіртті. Жағадан алмаса да, сөзбен жерден алып, жерге салды. Мен оларға өте риза болдым. Сырттан түк бітірмей жатқан сияқты көрінеді. Бірақ олай емес", - деді Әлімжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816437-zerden-alyp-zerge-saldy-limzanov-algasky-zmys-kninen-algan-serimen-blisti/

pixel