Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

22 жастағы отандасымыз америкалық қарсыласын өз елінде тізе бүктірді (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ескендір Харсан өзінің кәсіби мансабындағы кезекті жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті. Бұл жолы отандасымыз жеңіліп көрмеген америкалық Исидро Очоаны техникалық нокаутпен жеңген деп хабарлайды Sports.kz- ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық пен америкалық арасындағы кездесу Лас-Вегастағы әйгілі T-Mobile аренада өткен.

Бесінші раундта Ескендір қарсыласын нокдаунға жіберген. Ал Очоаны бапкері келесі айналымда алаңға шығармады.

Айта кетейік, америкалық боксшы мансабында алғаш рет жеңіліске ұшырса, Ескендір Харсан жетінші жеңісіне қол жеткізді.

Сондай-ақ, қазақстандық боксшының қоржынында тағы екі чемпиондық титул бар. Олар: Екінші жеңіл салмақтағы WBB чемпиондық белбеуі мен "жастар" арасындғы WBC Intercontinental белбеуі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816579-22-zastagy-otandasymyz-amerikalyk-karsylasyn-z-elinde-tize-bktirdi-video/

pixel