Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бауыржан Ретбаев үйлену тойын Ақтауда дүркіретіп өткізді

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Бауыржан Ретбаев ресми түрде бойдақтар қатарынан шықты. Әнші өмірлік серігін жолықтырып, шаңырақ көтерген. Жас жұлдыздың үйлену тойы Ақтау қаласында өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ретбаевтың таңдауы Қарлығаш есімді аруға түскен. Өнер иесі үлкен тойын өз туған жерінде дүркіретіп атап өткізді.

Оның қуанышына бірқатар отандық жұлдыздар ортақтаса келген. Олардың қатарында: Рүстем Жүгінісов, Әмре, Ғаділбек Жаңай, "Alem Band", Әйгерім Мамырова және т.б болды.

Шоу-бизнес өкілдері ақ тілегін білдіріп, жас жұбайларға өз әндерін тарту еткен.

Желіде 11 қыркүйек күні өткен тойдың суреттері мен видеолары тарап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1816694-bauyrzan-retbaev-jlenu-tojyn-aktauda-drkiretip-tkizdi-foto/

pixel