Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досының тойында өзінен айнымай қалған жігітті көрген ер адам езуін жия алмады

Опубликовано:

29 жастағы Азли Йозоф досының Малайзиядағы Селенгор штатында өткен неке қию рәсіміне барып, қызық жағдайға тап болған. Тойдың үстінде жас жұбайлармен суретке түспек болған ол қарсы бетте өзінен айнымай қалған адамды көріп, таңғалған деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Азлидің "егізі" дәл өзі секілді толық, таз болған, оған қоса олардың бойлары мен киімдері де ұқсас болған.

Мұндай ерекше сәйкестікті тойға келген қонақтар да байқап қалып, ду күлген. Ал Азлидің өзі бейтаныс ер адамға қарап күлкіден езуін жия алмаған.

Анықталғандай, белгісіз жігіт пен Азли бала күнінде бір-бірінен ажырап қалған егіздер емес, олар тіпті, бір-біріне туыс та болып келмейді екен.

Ер адам күйеу жігіттің әріптесі, ал Азли жақын досы болып шыққан.

Тойда олар алғаш рет кездесіпті. Енді достары жігіттерге арнайы кездесу ұйымдастырып, оларды бірге суретке түсіріп алмақшы.

Тойда түсірілген видео әлеуметтік желілерде лезде тарап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1816958-dosyny-tojynda-zinen-aumaj-kalgan-zigitti-krgen-er-adam-zrtty-klkige-kark-kyldy/

pixel