Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз-өзіне қол жұмсау дерегі болды": Министр Жанардың өліміне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысында SuperStar.kz жобасының қатысушысы, әнші Жанар Хамитованың өліміне қатысты іске пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Фото: ІІМ баспасөз қызметі: Depositphotos
"Жанар Хамитованың ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық жағдай тексеріліп жатыр. Өз-өзіне қол жұмсау дерегі болғанын бәріңіз білесіздер. Осыған байланысты Қарағанды облысында қылмыстық іс қозғалып, кейбір нюанстары істің аясында тексерілетін болады", - деді Тұрғымбаев.

Еске сала кетейік, 16 қыркүйекте Жанар Хамитованың қайтыс болғаны жайлы ақпарат тарады.

Кейін Қарағанды қаласы ПД әншінің өліміне қатысты пікір білдіріп, ақпаратты растаған болатын.

Марқұмның өнердегі достары Жанармен жаппай қоштасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1816981-z-zine-kol-zmsau-deregi-boldy-trgymbaev-zanar-hamitovany-limine-katysty-pikir-bildirdi/

pixel