RU
"Баламды сен өлтірдің": Жесір әйел енесінің сөздерінен шаршағанын мәлімдеді

"Баламды сен өлтірдің": Жесір әйел енесінің сөздерінен шаршағанын мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

Енесінің сөздерінен шаршаған әйел адам желіде мұңын шақты. 23 жастағы келіншек күйеуі 3 жыл бұрын қайтыс болғанын, соған қарамастан сол шаңырақтың отын өшірмей отырғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Әйел адам ішкі сырын Instagram желісіндегі Ushbu_hat тобында жазды.

Ол интернатта өскенін, әке-шешесінің ерте қайтыс болғанын жеткізді.

"Мені алып қашып, тұрмысқа шықтым. Ұлымыз дүниеге келді. Бір жарым жылдан кейін жарым қайтыс болды. Жүкті едім. Қызын көрмей кетті. Күйеуімді қатты сағындым", - деді жесір қалған келіншек.

Ол жарының көз жұмғанына 3 жыл болғанын жеткізді.

Әйел адам енесінің көңілі толмайтынын білдірді.

"Мәселенің барлығы енемде. "Баламды сен өлтірдің", "баламды жерлегенде сен мен сияқты қиналмадың", "бір аптадан соң оны ұмытып кеттің" деген жүрегіме тиетін ауыр сөздер айтады", - деді ол.

Жесір келіншек жасы 23-те екенін, енесінің сөзі шындыққа жанаспайтынын баса айтты.

"Егер мен сондай ақымақ әйел болсам, 2 баламды тастап кетер едім. Жас болғандықтан басқа күйеуге тиіп кетер едім. Шаршадым соның барлығынан. Кешке дейін жылаймын. Енем мені күннен күнге жеп барады. Не істесем болады?", - деп әйел адам оқырмандардан көмек сұрады.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
6
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel