Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО тұрғыны әйелін зорламақ болған ауылдасының екі көзін ойып өлтірді (фото)

Опубликовано:

БҚО-да әйелін зорламақ болған ауылдасының екі көзін ойып өлтірген азамат алты жыл бас бостандығынан айырылды. 36 жастағы азамат жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-түзеу жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Бұл туралы "Мой город" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сотталушы. Фото: "Мой город"
Сотталушы. Фото: "Мой город": Twitter

16 қыркүйек күні БҚО қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотта судья Бақыт Ермаханов БҚО тұрғыны Қалиевке үкім шығарды. Кінәлі деп танылған сотталушыға алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

"Сот материалдарына сәйкес, осы жылдың 27 сәуірінде Сартаев ауданы Тау Жәнібек ауылының тұрғыны жұбайы Қалиевке хабарласып, үйіне рұқсатсыз кірген Нұрәлін есімді ауылдасы өзін зорламақ болып жатқанын айтады.
Мұны естіген азамат бірден үйіне қарай бағыт алады. Келген сәтте жұбайының еденде жатқанын, ал ауылдасы оның үстінде отырғанын көреді.
Ашуға булыққан Қалиев Нұрәлінді екі рет ұрып құлатады. Дәл осы мезетте келіншек те үйінен қашып шығып үлгереді.
Ал сотталушы қашпақ болған ауылдасын ұстап алып, ұрып, артынан пышақпен екі көзін ойып алады. Содан соң оны арқанмен байлап, батареяға байлап тастайды", -деп түсіндірді Ермаханов.
Сотталушы. Фото: "Мой город"
Сотталушы. Фото: "Мой город": Facebook

Сонымен қатар, судья жасаған қылмысынан кейін сотталушы бірден полиция мен фельдшерге жүгінгенін айтты.

"Нәтижесінде жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды",- деді Бақыт Ермаханов.

Тергеу барысында Қалиев өз кінәсін жартылай мойындап, әйелін қорғамақ болғанын түсіндірді.

Айта кететін жайт, оқиға орын алған кезде марқұм мас күйде болған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ және шағым жасалуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1817071-bko-trgyny-jelin-zorlamak-bolgan-auyldasyny-eki-kzin-ojyp-ltirdi-foto/

pixel