RU
Алматы облысында анасы мен қызын өлтіріп кетті: Әйел адам ұсталды

Алматы облысында анасы мен қызын өлтіріп кетті: Әйел адам ұсталды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының тәртіп сақшылары екі адамды өлтірді деген күдікпен 45 жастағы әйелді ұстады деп хабарлайды аймақтық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Оқиға Бәйдібек би ауылында орын алған.

Ведомство мәліметінше, 16 қыркүйек күні жеке үйлердің бірінің ауласында зорлықпен өлтірілген екі әйелдің денесі табылды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, Еңбекшіқазақ аудандық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында сол күні күдіктіні анықтап, ұстағаны хабарланды.

"Кісі өлімін ашуға бағытталған үлкен жұмыс атқарылды. Нәтижесінде, Еңбекшіқазақ ауданының полицейлері аса ауыр қылмыс жасаған күдікті ретінде осы ауылдың 45 жастағы тұрғынын ұстады.
Қазір әйел қамауға алынды. Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігіне сәйкес жүргізілуде", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel