Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүре алмай қаламын": Енесі үйінен қуып шыққан әйел күйзеліске түсті

Жарияланған күні:

Тұрмыс құрғанына үш жарым жыл болған келіншек бүгінде өз үйінде. Үйінің жалғыз қызы жұбайынан жыраққа кетуіне енесі мен қайын әпкесінің қылықтары себеп болды дейді. Нақты айтқанда, олар ауылдан шыққан аруды кемсітіп, үйден қуып жіберген екен. Басынан өткен жағдайды әйел Instagram желісіндегі "Әйел құпиясы" парақшасында жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Әкесінің қолдауымен білім алған қыз терапевт болып жұмыс істеп жүреді. Ауылдан келген қарапайым бойжеткен күндердің күнінде қаланың жігітіне тұрмысқа шығып, отбасы бақытын сезінемін деп ойлайды. Алайда, сол сәттен бастап оның өмірі тозаққа айналады.

"Менің проблемам енем мен қайын әпкем. Жолдасым бір қызды сүйіп әкелген, ол қыз болмаған соң маған үйленді.

Ол қаланың қызы еді. Мен келгелі енем мен қайын әпкем "ауылбай" деп есім қойып алған. Қанша қолына ақша ұстатамын, сонда да ауылбаймын.

Кішкене затқа ұрыс шығарып, мені далаға қуа жөнеледі. Анам үшін жауап қайтармаймын. Анам сөйлемесең, жеңесің дейді",- дейді келіншек.

Мұндай мазаққа шыдамаған ол осы жолы үйінен кетіп қалған. Енді ол күйеуінің үйіне аттап басқым келмейді деп отыр.

"Бірақ, осы жолы кеттім де қалдым. Менің асымды ішпей, бетіме лақтырып, жұмысымнан шығарып, баламды алып, күйеуімді қарсы шығарып, мені "ауылбайларға қаладан орын жоқ", "ұлыма қаланың қызы лайық" деп қуып шықты.

Соңғы сөзімде "қаланың қызы екі аяқтарыңды бір етікке тықсын" деп кетіп қалдым. Енді артымнан бәрі келіп, "кешір, ойланбадық, қателестік, берекеміз қашып кетті, қайта келші" деп отыр. Мен жек көремін.

Жолдасыма бәрібір екен. Оларды естісем, қорыққаннан аяғым ұйып, жүре алмай қаламын. Анам шыдап, бақ дейді. Менің оларға жүрегім тартпайды, Мүлде көргім жоқ, ойласам жылап аламын",- деп баяндады ол әңгімесін.

Енді тозаққа толы үйдің босағасын баласы үшін аттауды көздеген келіншек елден кеңес сұрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817280-auylbajsy-enesi-jinen-kuyp-sykkan-kelinsek-kjzeliske-tsip-ketti/