Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында өз енесін балғамен ұрып өлтірген келіншек ұсталды

Опубликовано:

Түркістан облысы Созақ ауданында егде жастағы әйелді өз келіні балғамен ұрып өлтірген. 16 қыркүйек күні ер адам Созақ аудандық полиция бөліміне хабарласып, көрші үйдің асханасында үй иесінің мәйіті жатқанын хабарлаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: smolnarod.ru
Көрнекі фото: smolnarod.ru: Instagram
"Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша тіркелді. Ауыр қылмыс туралы аудандық полицияның кезекші бөлімі облыстық департаментке хабарлаған. Тәжірибелік көмек беру мақсатында Созақ аудандық полиция бөліміне облыстық департаменттің кәсіби жедел уәкілдерінен құралған арнайы топ келді. Мәйітті қарау кезінде криминалистер жәбірленушінің өлімі бастың аумағына ауыр затпен соққы беруінің нәтижесінде болғанын айқындады", - дейді Түркістан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Өз кезегінде облыс орталығынан келген жедел уәкілдер оқиға орнын мұқият зерттеп шыққан.

Асханада өлтірілген әйелдің үйі сыртынан кілтімен құлыпталған екен. Осыған байланысты тәртіп сақшылары әйелді өз жақындары өлтірген деген тұжырымға келеді. 

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде бір тәулік ішінде полицейлер күдіктіні анықтады.

Ол көрші ауылда тұратын марқұм әйелдің туған келіні боп шыққан. 

"Жедел уәкілдер күдіктіні  өзінің үйінен, яғни отбасымен тұратын мекен-жайдан ұстады. Күдікті әйел қамауда. Ол өзінің кінәсін толық мойындады. Айғақты зат ретінде балға тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде,"- дейді Салтанат Қаракөзова.

Қазір сараптама тағайындалған. Тергеушілер келінінің енесін ұрып өлтіру себебін  және оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817298-trkistan-oblysynda-z-enesin-balgamen-ryp-ltirgen-kelinsek-staldy/

pixel