Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуімен желіге романтикалық суретін жариялаған келіншек ажырасып кетті

Опубликовано:

Британиядан шыққан 29 жастағы Хлоя Бэйкер желідегі парақшасына күйеуімен түскен суреттерін салған. Алайда оның сөзінше, әдемі фотоның сыртында көңілсіз күндер жасырынған екен. Кезекті фото түсірілімнен кейін өздерінің бақытсыз екенін түсінген ерлі-зайыптылар көп ұзамай ажырасып кеткен деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Chloe Baker
Фото: Chloe Baker: UGC

Хлоя әлеуметтік желіге салып жүрген суреттерінің сыртында қайғы-қасіретке толы өмірдің жатқанын және оны желі қолданушыларының тіпті көрмейтінін сөз етті.

Бэйкер жұбайымен бірге Ибицаға саяхаттап барып, әдемі суреттерін желіде жариялап жүрген.

"Мен біз бақытты жұптай көрінген суреттерді дәл сол кезде желіге салдым. Алайда саяхаттың өзі көңілсіз өтті. Біз бір-бірімізбен мүлде сөйлеспедік", - дейді ол.

Әйел адамның сөзінше, олар кезекті фото түсірілімнен кейін ажырасу туралы сөз козғапты. Хлоя суреттердің жақсы шыққанымен, өздерінің бақытсыз екенін байқаған.

Қазіргі уақытта келіншек күйуімен ажырасу үстінде. Алайда олар жақсы қарым-қатынасты сақтап қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1817414-kjeuimen-zelige-romantikalyk-suretin-zarialagan-kelinsek-azyrasyp-ketti/

pixel