"Атам хореограф": Жас әншімен бидің түбін түсірген қария желіде жұлдыз болды
Опубликовано:
Ғаламтор жұлдызы, жас әнші Арай Ғалымжанқызының тойда қариямен билеген сәті желіде тарап, көпшіліктің көңілін көтерді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Видео өнер иесінің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.
Кадрдан жас әртістің әніне беріле билеген қарияны байқауға болады.
Бұны көрген желі оқырмандары егде жастағы ер адамның өнеріне көңіл-күйлері көтерілгендерін жазды.
"Атам хореограф", "Осы жасқа келсе де, жастардан жақсы билейді", "Әнші де, атам да тойды жандыруда", "Көңіл-күйімді көтеріп тастаған атаға алғыс айтамын" деді олар.
Арасында қарияның биі жасына сай келмейтінін айтып, қарттарды ұстамды болуға шақырғандар да табылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1817430-atam-horeograf-zas-nsimen-bidi-tbin-tsirgen-karia-zelide-zldyz-boldy/