RU
Алматы полициясы тұрғындарға үндеу жолдады

Алматы полициясы тұрғындарға үндеу жолдады

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астана полициясы 2019 жылдың 19 қыркүйегінде Жетісу ауданы Райымбек көшесінің бойында лаңкестікке қарсы жоспарланған оқу-жаттығу жұмыстары жүретінін хабарлады деп жазады Алматы қалалық терроризмге қарсы жедел штабына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Оқу-жаттығу адамдар жиналатын жерлерде күтпеген жағдайлар немесе теракт қаупі жағдайында өзара іс-қимыл дағдыларын пысықтау үшін өткізіледі.

Осындай іс-шаралардың көмегімен полиция қаланың ең осал бөліктерінде террористік актілердің жолын кесу тәсілдерін жетілдіруде.

"Оқу-жаттығу өткізу кезеңінде шектеу шаралары қарастырылады. Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін іс - шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығуларды өткізуге тартылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз", - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Тәртіп сақшылары Алматы тұрғындарына құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын айтты.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
2
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel