Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір бөлмелі пәтерде тұру адам өмірі үшін неге қауіпті?

Опубликовано:

Күйзеліс, арулар, артық салмақ - бұл бір бөлмелі пәтерде тұрудың қажеті жоқ екенін айғақтайтын себептердің тек жартысы. Бір бөлмелі пәтер сатып алғанша, қаражат жинап, кең баспанаға қол жеткізген абзал деп хабарлайды doctor.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бір бөлмелі пәтерді мына себептермен алуға кеңес берілмейді:

Кеңістік адамды басады

Көптен күткен кішігірім болса да өз пәтеріңізге қол жеткіздіңіз делік. Сіз ең алдымен оны жүрекке жылу сыйлайтын заттармен толытыра бастайсыз. Сонда кеңістік тарыла бастайды.

Психологиялық түрде сіз өзіңіздің жеке кеңістііңізге зәру екеніңізді түсінесіз. Алайда штеңе істей алмайсыз.

Содан кейін ештеңеге зауқыңыз соқпай, күйзеліс пен артық салмақ мәселесі туындайды.

Балалардың зейіні төмендейді

Егер тар жерде өссең, өзіңді қорғансыз сезінесің, мазаң қашады. Нәтижесінде белгілі бір нәрсеге назар аудара алмай тұрасың. Сол себепті балалардың оқу үлгерімі төмендеп, құрдастарымен уақыт өткізу құлшынысы төмендеуі мүмкін.

Инфекцияны жылдам жұқтыртып аласыз

Шағын пәтерлерде өтпелі желдету жоқ және үнемі ауа жетпей жатады. Қапырық пен көмірқышқыл газының көп мөлшері иммунитетті төмендетеді. Ауру тез басталады, ал инфекция 95% жағдайда бір адамнан екіншісіне беріледі — өйткені сіз бір ауамен тыныс аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1817739-bir-blmeli-pterde-tru-adam-miri-sin-nege-kauipti/

pixel