Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жыныстық қатынасқа деген тәуелділіктен қалай құтылуға болады?

Опубликовано:

Мамандар жыныстық қатынасқа деген тәуелділікті герсексуалдылық, донжуаниз, ал әйелдерге қатысты - нимфомания деп атайды. Әңгіме екі жастың арасындағы сезімнен туындаған төсек құмарлығы туралы емес деп хабарлайды www.womanhit.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Адам мұндай тәуелділіктің бірнеше кезеңінен өтеді: ол бір рет байқап көреді, ұнатады, ол қызығына кіре бастайды. Егер үнемі жыныстық қатынасты ойлай берсеңіз, маманға жүгінгеніңіз абзал.

Тәуелділікке не себеп болады?

Кез келген, тіпті, жыныстық тәуелділік аспаннан келіп түспейді. Оған психологиялық зақым, айналадағы адамдар, генетикалық бейімділік те әсер ете алады.

Бала күнінде ата-анасымен түсініспеушіліктер болып тұрған бала өсе келе өзін қорғансыз сезінеді. Болашақта сол қорғанды жыныстық қатынас мағынасында да алдына келген кез келген адамнан іздейтін болады.

Үнемі күйзелісте жүру

Көптеген адамдар күйзеліске түскен кезде спортпен айналысса, кейбірі музыка тыңдағанды ұнатады. Ал бірі жыныстық қатынасқа басымен сүңгіп кетеді. Күйзеліс кезінде өзіңді жеңіл сезінуге кедергі келтіретін адреналин бөлінеді.

Не істеуге болады?

Емделу процессі оңайға соқпайтыны анық. Дегенмен сізге мәселеңіздің деңгейіне баға беріп, емдеу жолын ұйымдастыратын маман қажет. Десе де, бәріне ортақ кеңестер бар:

— Сәл болса да, өз сезіміңізді басқаруды үйрену

— Өз денеңізді қаз қалпында қабылдауды үйрену

— Үнемі жыныстық қатынасты іздегенде ағзаңыздың сізге не айтқысы келетінін түсіну

— Күйзеліспен күресудің басқа жолдарын іздеу

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1817835-zynystyk-katynaska-degen-tueldilikten-kalaj-ktyluga-bolady/

pixel