RU
Маңғыстаудағы мұнай кен орнында жұмысшылар ереуілге шықты (видео)

Маңғыстаудағы мұнай кен орнында жұмысшылар ереуілге шықты (видео)

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысында ірі мұнай өндірісі орындарында жұмысшылар ереуілге шықты деп хабарлайды Лада басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: lada.kz

Фото: lada.kz

Бүгін, 20-қыркүйекте "Мобил Сервис Групп" ЖШС-нің 160-тан аса көлік жүргізушісі жұмысқа шығудан бас тартқан.

"Біз 15 күнге 78 мың теңге аламыз. Бұл өте аз сома", - дейді жұмысшылардың бірі.

Ер адамның айтуынша, ереуілге шықпас бұрын компания басшылығымен сөйлескен, алайда құрғақ уәдеден басқа ештеңе алмаған.

"Қаражанбас" ірі мұнай өндіріс орнының қызметкерлері жалақыны 100 пайызға көтеруді талап етіп отыр. Ереуілге 162 адам қатысуда.

"Жалақымызды көтермейінше, біз соңына дейін тұрамыз. Егер жұмыстан шығарамыз десе, шығара берсін", - дейді жұмысшылар.

Tengrinews.kz хабарлауынша, Маңғыстау облысының әкімдігі ереуілшілермен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.

Айта кетейік, күні кеше 19-қыркүйекте Қаламқас кен орнындағы "Ақтаукрантехсервис" ЖШС қызметкерлері наразылық білдірген еді.

Олар да жалақыны көтеруді талап еткен. Нәтижесінде жұмыс берушілер қызметкерлердің талабын орындаған.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel