RU
"Табысы – 150 млн доллар": Әлемдегі ең бай рэпер анықталды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Табысы – 150 млн доллар": Әлемдегі ең бай рэпер анықталды

Рассказать Вконтакте

Америкалық хип-хоп орындаушы Канье Уэст Forbes басылымының нұсқасы бойынша 2019 жылдың ең бай рэпер атанды. Оның табысы 150 млн долларды құраған деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Белгілі болғандай, Канье Уэст Adidas компаниясымен келісімшартқа отыруының арқасында бірінші орындағы Джей-Зиді ығыстырып тастаған.

Аталған компаниямен бірлесе отырып, рэпер Yeezy спорттық аяқ киімдерін шығарды.

Ал әйгілі Джей-Зи 81 млн доллар табысымен екінші орынға жайғасты. Үшінші орында – Дрейк, оның табысы – 75 млн боллар.

Сондай-ақ ең бай рэперлердің үздік ондығына Дидди (70 млн), Трэфис Скотт (58 млн), Эминем (50 млн), DJ Khaled (40 млн), Кендрик Ламар (38,5 млн), Мигос (36 млн) және Дональд Гловер (35 млн) кірді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel