Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана LRT" компаниясының ақшасын жымқырғандар анықталуда

Опубликовано:

Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров ОКҚ өткен брифингте "Астана LRT" компаниясының қаржысын жымқыру туралы қылмыстық істің жаңа детальдарын атады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Оның сөзінше, қылмыстық іс аясында жедел-іздеу шаралары жұргізіліп, тиісті сараптама тағайындалған.

"Өндірісте "Астана LRT" ісі ерекше бақылауға алынған. Іске қанша адамның қатысы барын айта алмаймын. Қатыстылар анықталуда. Шешім тергеу аяқталған соң қабылданады", - деді Биғайдаров.

Тергеушінің айтуынша, негізгі күдіктілер - "Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ардан және оның орынбасары.

"Мен олардың тегін айта алмаймын. Сараптама нәтижесін күтіп отырмыз. Ұрланған ақшаның сомасы анықталуда", - деп түйіндеді спикер.

Естеріңізге салсақ, Ардан төраға қызметін 2017 жылдың шілдесінде босатып, тергеу басталмай тұрып Қазақстаннан шығып кеткен.

Ақша ұрлау дерегі шыққан соң, Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы агенттіктің тергеушілері қылмыстық іс қозғаған. Оған халықаралық іздеу жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818004-astana-lrt-kompaniasyny-aksasyn-zymkyrgandar-anyktaluda/

pixel