Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шамалғандағы апатта зардап шеккен қызға бас сүйегінің трепанациясы жасалды

Опубликовано:

Шамалған стансасындағы апаттан зардап шеккен 3 және 5 жастағы балалар өте ауыр жағдайда. Дәрігерлер ешқандай болжам жасамай отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: KAZ.NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: KAZ.NUR.KZ / Петр Карандашов: UGC

Дәрігерлер хабарлағандай, екі қыз да ауыр бас пен ми жарақатын алған. Үлкен балаға дәрігерлер бас сүйегінің трепанациясын жүргізді.

Екінші қызға ота әлі жасалған жоқ.

Ал сәбидің анасы жан сақтау бөлімінен жалпы бөлімге ауыстырылды.

Оны отаға дайындап жатыр. Оның көптеген жері сынған. Ота жасатуды қажет етеді.

Оның оңалуына бір ай уақыт кетеді деп атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, Шамалған бекетінде жолаушылар автобусы мен пойыз соқтығысқан еді. Апаттан зардап шеккен анасы мен оның екі қызы ауыр халде ауруханаға жетікізілді. Автобус жүргізушісі қайтыс болды.

Дереккөз: КТК арнасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818027-samalgandagy-apatta-zardap-sekken-kyzga-bas-sjegini-trepanaciasy-zasaldy/

pixel