RU
Тоқаев қазақстандық әскерге өзгертулер енгізді

Тоқаев қазақстандық әскерге өзгертулер енгізді

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар жаңа тағайындаулар жасады деп хабарлайды Ақорда.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші қызметіне тағайындалды.

Нұрболат Еркебайұлы Топаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

Асан Қуанышұлы Жүсіпов "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

Президент жарлығымен шенеуніктердің кейбірі қызметінен алынып тасталды.

Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы қызметінен;

Нұрлан Мұсақанұлы Қашағанов "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

Сіздің реакцияңыз
4
3
3
0
3
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel