RU
"Басқа қызбен сөйлесіп жүр": Бір ай бұрын ажырасқан әйел күйеуін қайтарғысы келеді

"Басқа қызбен сөйлесіп жүр": Бір ай бұрын ажырасқан әйел күйеуін қайтарғысы келеді

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде күйеуіне қайтадан қосылғысы келетін әйел адам жазба қалдырып, оқырмандардың көмегіне, ақыл-кеңесіне жүгінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay

Көрнекі фото: pixabay

Ол жан сырын Instagram желісіндегі Astana_forum тобында жариялады.

Барлығына сәлем. Сіздердің кеңестеріңіз бен көмектеріңіз қажет. Тұрмыста болғанмын. Үш айлық балам бар. Бір ай бұрын күйеуімнен кетіп қалдым. Себебі оның мінезіне төзе алмадым. Аяғым ауыр болған кезде қол көтеріп, мені ұрды. Нәресте өмірге келген соң, ол маған қысым көрсете бастады. Мүлдем көмектеспейтін болды. Заттарды әдейі шашатынды шығарды.
Ол мені түсінген жоқ. Уақыт таба алмай жүрген кезде, тамақ жасауымды талап етті. Бұрынырақ уақытты дұрыс пайдалана алатын едім, босанғаннан кейін бұл қиынға соқты.
Менің кеткеніме бір ай болды. Ал менің күйеуім басқа қызбен араласады. Соны кездесуге шақырады. Бір айдан бері бір рет болсын, өзінің туған қызына келіп, "не қажет?" деп сұраған жоқ.
Енді, мен қайтадан барып қосылсам ба деп жүрмін. Себебі оны сағынамын. Ал күйеуім болса қосылғысы келмейтін сияқты. "Өзің кетіп қалдың" деп барлығына мені кінәлайды.
Мен болсам жарыммен бірге болғым келеді. Оны қатты қызғанамын. Оның үнемі әлеуметтік желісін тексеріп, "маньяк" сияқты басқан қадамын аңдып отырамын", - деп келіншек оқырмандарынан көмек сұрады.

Сіздің реакцияңыз
7
5
2
5
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel