RU
"Қылмыс ойлап табасың": Сайрагүл Қытайдағы лагерьде не үйретілетінін айтып берді
Жаңалықтар Қоғам

"Қылмыс ойлап табасың": Сайрагүл Қытайдағы лагерьде не үйретілетінін айтып берді

Рассказать Вконтакте

Швеция астанасы Стокгольмде өткен халықаралық жиында этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай Қытайдағы қайта бейімдеу лагерінде не үйретілетінін, күн тәртібі туралы айтып берді деп жазады Замана басылымы.

Сайрагүл Сауытбай. Фото: Sputnik/Тимур Батыршин

Сайрагүл Сауытбай. Фото: Sputnik/Тимур Батыршин

"Енді бір күнгі 24 сағатта не істей­тінімізді айта кетейін сіздерге. Әр күні өзгеріп отырады. Бірақ негізі таңғы 6-да тұрамыз. Сағат 7-ге дейін таңертеңгілік ас.

7-ден 9-ға дейін қытайдың салт-дәстүрлері, тарихы, Шижипиннің сөздері, ХІХ-құрылтайдың жобалары, қытай мәдениетін жырлайтын сабақтар өтеді қытай тілінде.

9-дан 11-ге дейін сол өткенді қайталап үйренеді сол жерде отырып.

Ал одан кейін екі сағат бойы «мен – патриотпын!», «мені Жуңго компартиясы осы жарық дүниеге, өмірге  әкелген осы компартия», «маған осы өмірді берген – компартия», «мен компартияға адал жұмыс істеймін», «мен жуңголық болғаныма мақтанамын!» деген сөздердің барлығын үлкен қағазға жазып, соны басыңа қойып, екі сағат бойы 1000 рет, 2000 рет, 3000 рет айқайлап айтып отырасың.

12-ден 2-ге дейін – түскі ас. Түстен кейін сағат 2-ден бастап 4-ке дейін отаншылдық әндер үйретіледі.

«Қызыл әндер» дейміз. Мысалы, компартияның марш әндері, ту шығарған кездегі әндер, сондай әндер өтіледі екі сағат.

4-тен 6-ға дейін өзіңе қылмыс жазасың. Егер өзіңе қылмыс таппасаң, онда тіпті де ауыр болады жағдайың. Сондықтан екі сағат бойы өзіңе қылмыс ойлап, жазасың.

6-дан 8-ге дейін кешкі ас. 8-ден 10-ға дейін барлық қамалғандар суық там­ға жабысып тұрады. Ол не үшін дегенде – өзінің қылмысы үшін ойлану.

Алдағы жазған қылмыстарыңды ойлап, кейін екі сағат, 10-нан 12-ге дейін соны сенімді қылып жазып шығасың.

Керемет қылып, оларды иландыратындай қылып қылмыс жазуың керек.

Түнгі сағат 12-ден 1-ге дейін кезекте, коридорда кезекшілікте тұрамыз. Сағат 1-ден 6-ға дейін, тек бес сағат ұйықтауға болады", - деді Сайрагүл.

Естеріңізге салсақ, Швеция астанасы Стокгольмде Сайрагүлдің қатысуымен халықаралық жиын өтіп, ол Қытайдағы "қайта тәрбиелеу лагері" деп аталатын түрмеге қалай тап болғанын айтып берген еді.

Сондай-ақ, ол қайта тәрбиелеу лагеріндегі сұмдық жайттардың бетін ашқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
4
13
24
30
1
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel