RU
"Не ақша, не үй жоқ": Ақтөбеде 27 жастағы қыз туыстарын тақырға отырғызған (фото)

"Не ақша, не үй жоқ": Ақтөбеде 27 жастағы қыз туыстарын тақырға отырғызған (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі облыс прокуратурасына туыстарына алданып қалған бір топ тұрғын араша сұрап барды. Бәрі де «West Hause.kz» тұтынушылар кооперативінің үлескерлері. Баспана алу үшін қолындағы барын беріп, несиеге кіргендер алданғандарын кеш түсінген деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде 27 жастағы қыз туыстарын жаппай тақырға отырғызған (фото)

Фото: KAZ.NUR.KZ

Жыларман күйге түскен жандарды 27 жастағы туыстары тақырға отырғызған. Алаяқ туыстарына алданғандар іс тергеуінің созылып кеткеніне наразы.

«Осы жерге әкемді ертіп келіп отырмын. Бізді алдап келген адам жақын туыс болып келеді. Құдағайымыз болған соң сендік. Сенім хатпен 2 млн теңгеге жуық ақша бердік. Бір жыл болды не ақша, не үй жоқ. Полицияға арыз жаздық. Тергеу созылып кетті», - Динара Сақтағанова.
Ақтөбеде 27 жастағы қыз туыстарын жаппай тақырға отырғызған (фото)

Фото: KAZ.NUR.KZ

2017 жылы заңды түрде тіркелген кооперативке 80-ге жуық тұрғын үлескер болған. Олардың алды 1,5 млн теңге салған. Он миллиондап шығынға батқандар бар.

«Біз қазір пәтер жағалап жүрміз. Қандыағаш қаласындағы үйімізді сатып, үш баламен далада қаңғып қалдық. «Науқас баламды емдетуге жеңіл болсын деп қаладан үй алғымыз келген. Сенім хат беріп, заңды түрдегі құжаттарын көрсеткен соң 2 млн 320 мың теңгемізді бердік», - дейді Дина Наурызбаева.

Арызданушылардың арасында қаланың қақ ортасындағы үйін жеке үйге алмастырамын деп, соңында пәтер жағалап кеткендер бар.

"Не ақша, не үй жоқ": Ақтөбеде 27 жастағы қыз туыстарын тақырға отырғызған (фото)

Фото: KAZ.NUR.KZ

«Менің пәтер жағалап жүргеніме бір жыл болды. 12 мөлтек ауданындағы үйімді жер үйге алмастырғым келген. Соңында өзімнің үйімнен айрылып отырмын. Жадыра менің үйімді өзінің туған жеңгесіне рәсімдеп, кейін 9 млн теңгеге сатып жіберді. Алты ай бойы жаңа үй алып беремін деп алдап келді», - дейді тұрғын Гүлмира Сисенбаева.

Полиция қызметкерлері күдікті деп танылған Жадыра Садықованың жүктіліктің сегіз айлығында екенін хабарлады. Айы-күні жақындаған келіншекті үйқамаққа ала алмай отырғандарын айтты.

Қазір күдіктінің үстінен алаяқтық жолмен өзгенің мүлігін ірі мөлшерде бірнеше рет жымқыру бойынша ҚР ҚК-нің 190 бабының 3 бөлігімен іс қозғалған.

«Қазіргі күні бұл қылмыстық істі тергеп жатқан тергеу тобы бар. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі биылғы жылдың мамыр айында басталды.

Оның ұзақ уақыт тергелуі қылмыстық істің аса ауырлығымен түсіндіріледі. 77 салымшының ішінен бізге 14 жәбірленушінің арызы түсті.

Күннен-күнге жәбірленушілердің саны көбейіп барады. Сараптамалар тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде», - дейді Ақтөбе қаласы полиция басқармасының тергеу жөніндегі бастығының орынбасары Әсет Қалиев.
"Не ақша, не үй жоқ": Ақтөбеде 27 жастағы қыз туыстарын тақырға отырғызған (фото)

Фото: KAZ.NUR.KZ

Прокурорлар қылмыстық істі бақылауға алған.

«Нақты қылмыстық іс бойынша полицияға берілген нұсқаулар бар. Созбалыққа салынғаны үшін тәртіптік жаза қолдану үшін ІІД-нің атына қаулы жіберілді. Оның қорытындысы жеті күннен кейін дайын болады. Тергеушілердің тарапынан кемшіліктер болған», - дейді прокурорының орынбасары Бауыржан Меңдебаев.
Сіздің реакцияңыз
0
1
11
3
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel