RU
Мырзахметов әйелдердің зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді

Мырзахметов әйелдердің зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов президенттің қатысуымен өткен ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында әйелдердің зейнет жасын төмендету идеясы айтылғанын еске салды деп жазады Sputnik Қазақстан.

ааааа

Абылай Мырзахметов. Фото: atameken.kz

Мырзахметов тек зейнет жасын төмендетумен жүйе мәселелерін шешу мүмкін емес екенін алға тартты. Айтуынша, оны толық реформалау қажет.

"Президент вице-премьер Сапарбаевтың басшылығымен топ құруды тапсырды. Біз барлық төлемді бірыңғай әлеуметтік салыққа біріктіріп, оның ставкасын төмендетуді ұсынамыз. Себебі қазір жалақыға үлкен салмақ түсіп жатыр", - деді Мырзахметов.

Сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы осы саланың барлық реформасы жан-жақты тексерілген болуы тиіс екенін сөз етті.

Себебі қазір мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелері аз емес.

Сіздің реакцияңыз
2
1
3
1
1
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel