RU

Шымкентте өзенде шомылып жүрген егеуқұйрықтар жұртты шошытты (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкенттегі өзендердің бірінде егеуқұйрықтардың жаппай шомылып жүрген сәті видеоға түсіп қалды деп жазды Отырар арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Өзенде шомылып жүрген кеміргіштерді жергілікті тұрғын түсіріп алған.

Кадрдан бірнеше егеуқұйрықтың "көңіл көтеріп", суға шомылып жүргенін көруге болады. Алайда бұл көрініс тұрғындардың көңілін көтерген жоқ.

Басылымның айтуынша, егеуқұйрықтар жақында ғана жөндеуден өткен Қошқар ата өзенінде видеоға түсіп қалған.

Осы өзенде адамдар да шомылатынын ескерсек, бұл үлкен проблема тудырып отыр.

Егеуқұйрықтар қауіпті инфекцияның тасымалдаушысы болғандықтан, жергілікті тұрғындар бір нәрсе жұқтырып аламыз ба деп қорқады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкентте өзенде шомылып жүрген егеуқұйрықтар жұртты шошытты (видео)
Mailfire view pixel