Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау әкімі Бекзат Нұрдәулетовке екі бөлмелі пәтер сыйға тартты

Опубликовано:

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовке Ақтаудан екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Облыс әкімдігінде чемпионды қабылдаған өңір басшысы ел үмітін ақтаған Бекзатқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтауын жеткізіп, пәтер кілтін табыстады.

"Әрі қарай шыңдала бер. Жеңісті сәттер көп болсын! Сондықтан Ақтаудың төрінен пәтер сыйлаймыз. Осындай жетістікке жеткізген бапкерлерінің еңбегі зор", - деді Серікбай Трұмов.

Ал Бекзаттың жас кезіндегі бапкері Батырбек Жайлыбаевқа үш млн теңге, Марат Жәкиевке бес млн теңге берілді.

Еске сала кетсек, Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен бокстан Әлем чемпионатында 81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов әлем чемпионы атанды. Ол финалда өзбекстандық боксшы Дилшодбек Рузметовпен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818497-magystau-kimi-bekzat-nrduletovke-eki-blmeli-pter-syjga-tartty/

pixel