RU
Көзінен жастың орнына "гауһар тас" ағатын армениялық ару әлемді таң қалдырды

Көзінен жастың орнына "гауһар тас" ағатын армениялық ару әлемді таң қалдырды

Рассказать Вконтакте

Арменияның Спандарян ауылында көзінен жастың орнына кристаллдар ағатын 22 жастағы ерекше бойжеткен тұрады. Тәулігіне қыздың көзінен 50 кристалл шығады екен деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сатеник Каразян. Кадр видеодан алынды

Сатеник Каразян. Кадр видеодан алынды

Сатеник Каразянның ағзасындағы бұндай ерекше құбылыс бірнеше ай бұрын пайда болған.

Дәрігер-офтальмолог Татьяна Шилованың сөзінше, бұндай патология өте сирек кездеседі, сондықтан да оның себебін анықтау қиын. Бұл құбылыс көз жасы сұйықтығындағы тұздардың көптеп шоғырлануынан туындауы мүмкін.

"Жас – құрамы бойынша қанға ұқсайтын биологиялық сұйықтық. Сондықтан да белгілі бір жағдайларда, көздің немесе ағзаның генетикалық ауруы асқынған кезде оның құрамы бұзылуы мүмкін", – дейді Татьяна Шилова.

Сондай-ақ дәрігер ағзадағы зат алмасу процесі бұзылған кезде бұндай кристаллдар бауыр мен бүйректерде де пайда болуы мүмкін екенін жеткізді.

Сондықтан да Сатеник Каразянға толық медициналық тексеруден өту керектігін баса айтты.

Сіздің реакцияңыз
1
4
2
11
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel