Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында полиция басшылары пара алды деп күдіктелуде

Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша Полиция департаменті Тылдық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы бастығы полиция подполковнигі мен оның орынбасарына қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Видеодан кадрлар
Фото: Видеодан кадрлар: Facebook

Олар адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен ТҚБ автошаруашылығы бастығының карточкалық шотына аудару арқылы жалпы сомасы 37 млн теңгені құрайтын Полиция департаментінің автокөлігіне қызмет көрсету бойынша қосымша келісімге қол қойғаны үшін бірқатар ЖШС директорларынан 2,5 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

24 қыркүйекте жедел-тергеу іс – шаралары барысында аталған полиция қызметкерлері аталған соманы қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде қолға түсті (жеке тінту кезінде ТҚБ автошаруашылығы бастығынан 800 мың теңге, оның орынбасарынан 1 млн 200 мың теңге алынды).

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.

Күдіктілерге қатысты олардың кінәлілік дәрежесін анықтау арқылы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818576-atyrau-oblysynda-policia-bassylary-para-aldy-dep-kdiktelude/

pixel