RU
Әлеуметтік желіде танысқан: Қордайда қыз алып қашқан жігіттер 7 жылға сотталды
Жаңалықтар Қоғам

Әлеуметтік желіде танысқан: Қордайда қыз алып қашқан жігіттер 7 жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысының прокуратурасы қыз ұрлығы үшін 15 жылға дейін жаза күтіп тұрғанын еске салады деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Қазақпарат.

Көрнекі фото: azattyq.org /Ұлан Асаналиев

Көрнекі фото: azattyq.org /Ұлан Асаналиев

Басылымның мәліметінше, таяуда Қордай аудандық сотының үкімімен Түркістан облысының төрт тұрғыны қыз ұрлағаны үшін 7 жылға сотталған болатын.

Ал автокөлік қылмыс құралы ретінде тәркіленіп, мемлекет кірісіне алынған.

Оқиға 2018 жылдың күзінде жігіттің Жамбыл облысы Қордай ауданында тұратын қызбен танысуынан басталған.

Әлеуметтік желідегі таныстықтан кейін жігіт қызды алып қашуды ойластырады.

"Ұзақ ойланбастан ол үйлену мақсатында өзінің үш танысымен келісіп, Қордай ауданына автокөлікпен келеді. Келген соң ұялы телефонға қоңырау шалып, қызға кездесуді ұсынады, бірақ ол бас тартқан.
Жастар қыздың үй жағында күтіп, оны көшеде қарсы алады. Қыздың қарсылық көрсетіп, бас тартуына қарамастан, олар оны көлікке күштеп салып, Түркістан облысына жол тартады. Алайда полиция қызметкерлері оларды Тараз қаласының шыға берісінде ұстады", - деді ведомство.

Осы орайда облыс прокуратурасы қыз алып қашу сияқты ойланбай істеген іс-әрекет үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасыа әкелетінін айтты. Бұл ретте ұрланған адамды өз еркімен босатқан адамның әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Еске сала кетсек, осы жылы қыркүйек айынын басында бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов еркінен тыс қыз алып қашқандарға қатысты қандай жаза қолданылатынын айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
4
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel