RU
"Жұрттың өсегіне еріп": Күйеуі сабап тастаған келіншек ауруханадан бір-ақ шықты

"Жұрттың өсегіне еріп": Күйеуі сабап тастаған келіншек ауруханадан бір-ақ шықты

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде 17 жасында тұрмысқа шыққан келіншек күйеуінен орынсыз таяқ жейтінін, жарының тіпті балаларының көз алдында аяусыз ұратынын жайып салды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Әйел адам жан сырын Instagram желісіндегі Ushbu_hat тобында ақтарды.

Ол үш баланың анасы екенін, 17 жасында тұрмысқа шыққанын жасырмады.

23 жастағы келіншек күйеуіне ренжулі екенін баса айтты.

"Күйеуімнің маған істемегені жоқ. Изменада жасады, ұрды, соқты. Бәріне көніп, ажыраспауға тырыстым. Бірақ шыдамым жетер емес. Күйеуім болар болмас жұрттың өсегіне еріп, мені өлімші етіп ұрып тастады. Оның арасында ішетіні де бар", - деді ол.

Ол жарының соққысынан денсаулығына зақыл келгенін білдірді.

"Зақым келгені сонша жағыма операция жасаттым. Сынығы біткенше тісімді бір айға құрсаулап тастады. Қазір аузым дұрыс ашылмайды", - деді әйел адам.

Тұрмыстағы келіншек осы оқиғаның барлығы балаларының көз алдында болғанын ашына айтты.

"Өзім қиналып жатсам да, соларды тыныштандыруға тырыстым. Ол соны көріп тұрып, мені теуіп жатты. Енді балаларым сол жағдайды ұмытпайды. Айта береді.
Күйеуім кешірім сұрап бір айдан кейін ғана келді. Бұндайда не істеуге болады", - деп мұңын шаққан келіншек оқырмандардан көмек сұрады.
Сіздің реакцияңыз
2
1
3
9
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel