RU
БҚО әкімінің екі орынбасары тағайындалды

БҚО әкімінің екі орынбасары тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Исқалиев өзінің жаңа орынбасарларын таныстырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мұхтар Мәңкеев, Серік Егізбаев. Фото: БҚО әкімдігі

Мұхтар Мәңкеев, Серік Егізбаев. Фото: БҚО әкімдігі

"Ұлт жоспары - 100 нақты қадам" меритократиясына сәйкес, ҚР президент әкімшілігінің келісімімен, БҚО әкімінің тағайындауымен Егізбаев Серік Рахметоллаұлы облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Серік Егізбаев 1963 жылы туған, білімі жоғары. БҚО ауыл шаруашылығы университетін "агроном" мамандығы бойынша бітірген. Қазақ мемлекеттік заңгерлік академиясында "заңгер" мамандығы бойынша және ҚР президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет кадемиясында оқыған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Әр жылдары бас инспектор, БҚО әкімі аппаратының бөлім меңгерушісінң орынбасары, ҚР Қаржы министрлігінің ұйымдастыру жұмыстары бойынша департамент басшысы, әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің бас инспекторы, ҚР премьер-министрінің кеңсесінде, ҚР президент әкімшілігінде, ҚР ауыл шаруашылығының вице-министрі қызметтерін атқарған.

Тағайындауға дейін "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасының аймақтарды дамыту бойынша орынбасары қызметінде болған.

Ол ішкі саясат, білім, жастар саясаты, мәдениеті, дін және тілдерді дамыту мәселелерімен айналысатын болады.

"Ұлт жоспары - 100 нақты қадам" меритократиясына сәйкес, ҚР президент әкімшілігіні келісімімен, БҚО әкімінің тағайындауымен Мәңкеев Мұхтар Наурызбайұлы облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Мәңкеев Мұхтар Наурызбайұлы - 1984 жылы туған. Білімі жоғары, БҚО аграрлық-техникалық университетін бітірген. Финляндиядағы Оулу университетінде "инженер", "экономика бакалавры", "бизнес-басқару магистрі" мамандықтары бойынша оқыған.

Әр жылдары "Жасыл Ел" БҚО филиалының жетекшісі, "Жасыл Ел" республикалық штабының жетекшісі, "Самғау" Ұлттық холдингі" АҚ менеджері, ҚР ИЖТМ "Инжиниринг және технологиялық трансферт" АҚ департамент басшысы, "Астана Innovations" АҚ басқарма мүшесі, СҚО әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Тағайындауға дейін "Финский Бизнес Хаб" компаниясында директор, "Қазақстан 2050" Жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы болған.

Ол кәсіпкерлік, өндіріс және инвестиция, ауыл шаруашылығы, ветеринария, жер қатынастары және туризм салаларымен айналысады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel