Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда теміржол билеттері қымбаттады

Опубликовано:

Әлеуметтік маңызды облысаралық бағыттар бойынша жүретін пойыз билеттерінің бағасы 10%-ға қымбаттады, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

21 қыркүйектен бастап сұранысқа ие 28 бағыт бойынша теміржол билеттері қымбаттады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 бағыт бойынша бұрынғы баға сақталады, олар:

1. № 085/086 Нұр-Сұлтан – Сарыағаш бағыты;

2. № 021/022 Қызылорда – Семей бағыты;

3. № 313/314 Атырау – Маңғыстау бағыты;

4. № 339/340 Павлодар – Пресногорьковская бағыты;

5. № 373/374 Алматы – Жезқазған бағыты;

6. № 377/378 Алматы – Маңғыстау бағыты;

7. № 603/604 Нұр-Сұлтан – Арқалық бағыты;

8. № 085/086 Қарағанды – Сарыағаш бағыты;

9. № 021/022 Алматы – Семей бағыты;

10. № 22/6941/6942/21 Алматы – Достық бағыты;

11. № 339-55/56-154 Павлодар – Қызылорда бағыты.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың 28 тамызынан бастап Қазақстанда теміржол билеттерін қайтарған кезде салынып келген айыппұл алынып тасталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818771-kazakstanda-temirzol-biletteri-kymbattady/

pixel