Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда ұшып жүрген Қытайдың әскери тікұшақтары жұртты алаңдатты

Опубликовано:

Павлодар тұрғындары қала үстімен ұшып өткен әскери тікұшақтарды байқап қалған. Олар әскери техниканың фотоларын әлеуметтік желілерде жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аталған ақпарат Instagram-дағы kolesa_pavlodara қоғамдық парақшасында пайда болды.

"Дачный ықшам ауданында 4 тікұшақ ұшып өткенін көрдім", – деп жазды посттың авторы.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz-ке оқиғаның мән-жайын баяндаған. Әскери техникалардың қытайлықтарға тиесілі екені белгілі болды.

Ведомствоның мәліметінше, Қытай Ресейдің Орынбор облысында өткен "Центр-2019" әскери оқу-жаттығуына қатысқан. Қазір қытай әскерилері үйлеріне қайтып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818776-pavlodarda-syp-zrgen-kytajdy-skeri-tiksaktary-zrtty-aladatty/

pixel