Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Америкалық стильдегі заманауи киіз үй әлем назарын аударды (фото, видео)

Опубликовано:

АҚШ-тың Орегон штатында заманауи стильдегі киіз үй пайда болды. Жергілікті жұбайлар өздерінің YouTube-тегі блогында айрықша үй туралы баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Зак пен Николь YouTube желісінде тұрғын үйлердің сан алуын түрлері туралы арнайы блог жүргізеді. Шетелдік блогерлердің арнасында кішігірім бірақ жайлы баспаналар туралы видеолар жиі жарияланады.

Блогтың соңғы шығарылымы америкалық стильдегі заманауи киіз үйге арналған.

"Мына бір тым кішкентай үй - ұлттық киіз үйдің қазіргі замнаға сай түрі. Бұл керемет үйдің диаметрі 9 метр және құрылымдық жағынан тамаша мүмкіндіктерге ие", - деп жазылған роликтің анықтамасында.

Сонымен бірге, ерлі-зайыптылардың ерекше киіз үйді өздері құрастырғаны да айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818873-amerikalyk-stildegi-zamanaui-kiiz-j-lem-nazaryn-audardy-foto-video/

pixel