Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әділдік бар, тек оған жету керек": Қамаудан босатылған бас дәрігердің әйелі мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Қанат Тезекбаевтың әйелі Дина Тезекбаева күйеуінің босатылғаны үшін көпшілік пен президентке алғыс айтып, үндеу жасады деп жазды KAZ.NUR.KZ.

Дина Тезекбаева. Фото: NUR.KZ
Дина Тезекбаева. Фото: NUR.KZ: Original

Дина Тезекбаева жұма күні күйеуінің заңсыз әрі еш негізсіз 72 сағатқа қамауға алынғанын, тергеу шараларына шақырылып, сол күйі үйге келмегенін айтты.

Ол кепілге шығаруға құжат дайындағанына қарамастан ауданаралық сот дәрігерді екі айға қамап қойғанын жеткізді.

"Жексенбі күні ауданарарлық сот өтті, менің жолдасымды екі айға қамау туралы қаулы шықты. Біздің тарап аталған бап бас бостандығынан шектеуді қарастырмайтынын дәлелдейтін негіздемелерді ұсынғанымен, осындай шешім қабылданды. Біз медициналық қоғамдастықтан өтініш, кепілге шығу туралы құжат дайындағанбыз. Алайда, нәтиже болмады", - дейді Дина Болатова.

Келіншек осыдан кейін қоғам мен мемлекет басшысына хат жолдаудан басқа амалы қалмағанын айтады.

"Президентімізге үлкен рахмет, менің жазған ашық хатымнан соң жағдай түбегейлі өзгерді, жолдасымды жақтаған медициналық ұйымға, барлық дәрігерлерге рахмет.
Анестезиолог одан бұрын қамалды, бұл әділетсіз әрі ауыр. Мен өзім ана және жар ретінде өзімнің балаларым үшін, күйеуім үшін, өзім үшін уайымдадым. Жағдай түбегейлі өзгерген кезде әділдіктің барын түсіндім", - деді бас дәрігердің жұбайы.

Осыдан екі күн бұрын бас дәрігер тергеу изоляторынан шықты.

"Ең бастысы, сот шешімі арқылы күйеуім тергеу изоляторынан босап шықты. Егер екінші санкция бірінші санкция шешімнің күшін жойса, демек, алғашқысы дұрыс емес болған.
Ол экономикалық тергеу департаментінде, кейіннен СИ-18-де болды. Мұндай жағдайға ешқашан тап болмаған адам үшін бұл үлкен моральдік стресс. Ол сезімтал әрі мейірімді адам", - деді Дина Тезекбаева.

Оның айтуынша, жолдасы Қанат Тезекбаев көптеген адамдарға көмектесіп, ота жасаған. Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, марапаттар мен алғыс хаттардың иегері.

Дина Тезекбаева тергеуге сүйеніп, жағдайға қатысты пікір білдірмеді. Қорғаушы жалдаған олар бәрі заң аясында шешілетініне сенімді.

"Мен неге ашық хат жаздым? Өйткені бүкіл Қазақстан мәселенің шешілуіне қатысқанын қаладым. Бізде әділдік бар, тек оған қорқынышты болса да қол жеткізу керек. Мен өз отбасыммен жалғыз емес екенімді түсіндім", - дейді ол.

Дәрігердің жанұясы ҚР ҚК 317-бабы, 3-бөлімі бойынша күйеуіне тағылған айыппен келіспей отыр. Ал Қанат Тезекбаев қызметінен уақытша шеттетілді.

Естеріңізге салсақ, №4 клиникалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен анестезиологы Асқар Тұңғышбаев Алматы полиция департаменті басшысының ұлы қайтыс болған соң тұтқындалған еді.

Бұл туралы Тезекбаевтың әйелі президентке ашық хат жазғаннан кейін белгілі болды. Артынша Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаны заң аясында тексеру туралы тапсырма берді.

Осыдан кейін бас дәрігер мен сол аурухананың анестезиологы ешқайда шықпау туралы қолхатпен үйіне жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1818983-dildik-bar-tek-ogan-zetu-kerek-kamaudan-kolhatpen-bosatylgan-bas-drigerdi-jeli-mlimdeme-zasady/

pixel