RU
Алматы облысы әкімінің орынбасары ұсталғаны расталды

Алматы облысы әкімінің орынбасары ұсталғаны расталды

Рассказать Вконтакте

Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызмет комитеті басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың ұсталғанын растады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдат Манзоров. Фото: bnews.kz

Бағдат Манзоров. Фото: bnews.kz

"Расымен ұсталды. Біз оны растаймыз. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында, оның іс-әрекеттерінің нақты біліктілігі туралы, Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша айыпталады және оған қандай бұлтартпау шарасы қолданылатыны қарастырылуда", - деді Бектенов.

Оның айтуынша, басқа ақпаратты әзірге жария етілмейді.

"Қылмыстық-процессуалды кодекстің талабы, тергеу құпиясы деген түсінік барын білесіздер. Егер қандай да бір ақпарат пайда болса, біз бірден БАҚ-қа хабарлаймыз", - деп түйіндеді ол.

Оның сөзінше, шенеунікке қай бап бойынша айып тағылғаны әзірге белгісіз.

Естеріңізге салсақ, күні кеше әлеуметтік желіде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған.

Сіздің реакцияңыз
5
1
2
3
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel