Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

IQanat қоры олимпиадаға өтінім қабылдауды аяқтауда

Опубликовано:

IQanat білім беру қоры ауыл мектептерінде білім алып жатқан 50 мың оқушының олимпиадаға тегін қатысуын қаржыландырды. 30 қыркүйек - аймақтық және облыстық турға қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні, одан кейін оқушылар Қазақстанның және шет елдердің үздік университеттеріне тегін білім гранттарына үміткер бола алады.

Фото: Iqanat
Фото: Iqanat: Facebook

Олимпиадаға тіркелу 30 қыркүйекке дейін www.iqanat.kz сайтында онлайн түрде өтеді, бұл Олимпиаданың әділ өтуін және оқу үлгеріміне қарамастан, ауылдық мектептің кез келген 9-шы сынып оқушыларының олимпиадаға өз еркімен қатысуын қамтамасыз етеді. IQanat олимпиадасына дайындық бойынша барлық материалдар Қордың ресми сайтында орналастырылған. Яғни, қатысушылардың тапсырмаларды, тақырыптарды, бейне сабақтарды қарап, олимпиадаға тиімді дайындалуға мүмкіндігі бар.

Жаңа білім беру бағдарламасы қазақстандық кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асып отыр. IQanat қорының негізгі мақсаты - Қазақстанның ауыл мектептерінің қабілетті оқушыларын анықтау және қолдау, олардың отандық және халықаралық жоғары оқу орындарында білім алуына мүмкіндік беру.
Фото: Iqanat
Фото: Iqanat: Facebook

Олимпиада екі рет өткізіледі: бірінші кезең - аудандық, әр жарты жыл сайын жергілікті атқарушы органдардың көмегі арқылы IQanat қорының үйлестірушілерімен өткізіледі, оның жеңімпаздары жыл сайын Nazarbayev University-де өтетін IQanat финалдық республикалық олимпиадасында жоғары оқу орындарына гранттар үшін күреседі.

2019 жылы республикалық финалға шығу үшін Қазақстанның 162 ауылдық ауданынан 10 мыңнан астам ауыл оқушылары қатысты. Финалға 700 тоғызыншы сынып оқушылары шықты, олардың арасынан IQanat High School Burabay мектебінде білім алуға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры ұсынатын оқу грантының иегерлері анықталды.
Фото: Iqanat
Фото: Iqanat: Facebook

Айта кетейік, жобаға тек 9 сынып оқушылары қатыса алады. Сондай-ақ Олимпиада финалистері екі жыл, яғни орта мектептің 10-11 сыныптарында ҚР және әлем университеттеріне түсуге дайындық мақсатында бағдарламаның қамқорлығында болады.

Тіркелу сұрақтары бойынша: +7 (777)1109393

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819324-iqanat-kory-olimpiadaga-tinim-kabyldaudy-aaktauda/

pixel