RU
Бурабайда қар жауды (фото, видео)

Бурабайда қар жауды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Қыс мезгілі жетпей жатып жауған қар Бурабай тұрғындарын таң қалдырды. Алғашқы қар жауған шипажайдың суреттері мен видеолары әлеуметтік желілерде пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақмола облысының тұрғындары алғашқы қардың суреттері мен видеоларын жариялауда. Олардың көпшілігі қыркүйектің соңында келген қысты қуана қарсы алды.

ҚазАқпарат хабарлауынша, қар аралас жаңбыр Ақмола облысының солтүстік және орталық бөлігіне жауған.

Щучинск, Көкшетау, Степногорск, Ақкөл сияқты қалалардың тұрғындары өзге аймақтағылармен алғашқы қардың фотосуреттерімен бөлісе алады.

Облыста ауа температурасы 0-ден 5 градусқа дейін ауытқиды.

Таяу уақытта жауын-шашын аяқталып, құрғақ ауа райы шамамен 4 күнге созылады, күндіз де, түнде де температура көтерілетін болады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
3
0
2
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel