Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұйықтай алмадым": 20 жыл бұрын Тоқаевтың президент болатынын болжаған кім?

Опубликовано:

Белгілі ресейлік дипломат Евгений Бажанов өзінің ескі досы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басшысы болатынын осыдан бірнеше жыл бұрын болжаған деп жазады Sputnik Қазақстан.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Facebook

2000-шы жылдардың басында Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр болды. Ол осы кезде Ресейдің сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясында докторлық диссертация қорғаған болатын.

Өзінің жоғары лауазымына қарамастан, Тоқаев Мәскеуге сұқбаттасуға барған. Жоғары аттестациялық комиссия мүшелері осындай талап қойған екен.

"Тоқаевқа бес сағат бойы түрлі сұрақ қойылды. Қасым-Жомарт керемет жауап берді. Ол әңгімелесудің бірнеше сағатқа созылғанына қысылған жоқ", - деді Бажанов.

Сұрақ-жауап кезеңі сәтті аяқталған соң, Тоқаев пен Бажанов Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінің қабылдауына барған.

"Мен Тоқаевтың ғылыми жетекшісі ретінде сөз сөйледім. Дипломатиялық академияда диссертация қорғағандардың бәрі тамаша карьера жасайтынын (академияның бірқатар түлегі мемлекет басшысы болған) айттым.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанда екінші адам. Ары қарай өсетін мүмкіндік жоқ. Өйткені мемлекет басшысы – қазақ халқының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаевқа Біріккен ұлттар ұйымына бару керек деп айттым", - деп еске алады Бажанов.

Бұл сөздерден кейін үстелде отырғандардың жартысы тұрып кеткен.

"Тоқаевтың көмекшісі ол кісілердің бәрі Назарбаевтың қабылдау бөлмесіне хабарласып жатқанын айтқан.
Сондықтан Қасым-Жомарттың алдағы карьерасының не болары белгісіз еді. Бұл тілектің ешбір астары болмағанын айтып едім, ешкім тыңдамады", - дейді дипломат.

Ең қызығы, бұдан кейін Тоқаев расында да Біріккен ұлттар ұйымына жіберілді. Ол БҰҰ еуропалық бөлімшесінің бас хатшысы-жетекшісінің орынбасары болды.

"Бұл кездейсоқтық па, әлде менің тілегімнің қатысы бар ма, білмеймін. Бірақ сол тілектен кейін түні бойы ұйықтай алмадым. Өзім білмей, Тоқаевқа зиян келтірдім бе деп уайымдадым", - деді ресейлік дипломат.

Айта кетсек, бұған дейін ресейлік дипломат Евгений Бажанов Тоқаевтың өмірінен ел біле бермейтін деректерді айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1819486-jyktaj-almadym-20-zyl-bryn-tokaevty-prezident-bolatynyn-bolzagan-kim/

pixel