Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында ер адам 15 жастағы қызын зорлады деп күдіктелуде

Опубликовано:

Ер адам Павлодар облысы Ертіс жағалауында 15 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді. 35 жастағы күдікті бұған дейін осыған ұқсас қылмыс жасаған. Алайда бірінші жағдайда ол кәмелет жасына толған қызды топ болып зорлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Полицияның хабарлауынша, қазіргі таңда ер адам қамауда отыр.

Күдікті зорлау әрекетін 2019 жылдың 27-қыркүйегінде, шамамен сағат кешкі 11-де жасаған. Ер адам 2004 жылғы өзінің туған қызына күш қолданғаны хабарлануда. Мектеп оқушысы жарақатпен ауруханаға жүгінген, содан кейін зорлаушыны ұстап, УҰИ қамап қойған.

"Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша қылмыстық іс ашылды", - деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Одан бөлек, полиция күдіктінің осындай қылмыс үшін 2008 жылы 8 жылға колонияға жабылғанын айтты. Қызымен Ертіс жағалауына қалай тап болғанын анықтау қажет болады. Қыздың ата-анасы ажырасқаны белгілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819493-pavlodar-oblysynda-er-adam-15-zastagy-kyzyn-zorlady-dep-kdiktelude/

pixel