RU
Салмағы 200 келіден асатын азамат биліктен көмек сұрады

Салмағы 200 келіден асатын азамат биліктен көмек сұрады

Рассказать Вконтакте

Әлемдегі "ең семіз адам" атағының бұрынғы иегері Пол Мейсон Ұлыбританияның денсаулық сақтау ұлттық қызметінен көмек сұрауда. Ол өз өміріне алаңдаушылық білдіріп отыр деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Пол Мейсон. Фото: 24smi.org

Пол Мейсон. Фото: 24smi.org

Бұрын Мейсонның салмағы 444,5 келіні құрайтын. Қазір ол арықтап, салмағы 228,6 келі болды.

Алайда, ер адам әлі де денсаулығына алаңдауда. Соңғы бес ай ішінде ол төрт рет ауруханаға түсіпті.

Пол мемлекеттік мекеменің өзіне ота жасау үшін 100 мың фунт төлеуіне ниет білдіруде. Оған жаңа тізе буыны, санына және грыжалдарды алып тастауға ота жасау қажет.

Пол Мейсон мемлекеттің бұған дейін де бірнеше рет көмектескенін атап өтті. Оның ойынша, көмек көрсетілмегенде ол әлдеқашан өмірімен қош айтысар еді. Дегенмен, ер адам мемлекеттен соңғы рет қол ұшын беруді сұрап отыр.

Бұған дейін денсаулық сақтау қызметінің қаражаты есебінен оған асқазанды кішірейту бойынша ота жасалып, соның нәтижесінде ол 120,6 келі салмақ тастаған болатын.

Содан соң ер адам АҚШ-қа қоныс аударып, сол жерде салбыраған теріні тарту үшін ота жасатты. Оның өмір бойы денсаулығына жұмсаған қаражаты 1 млн фунтты құрап отыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
3
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel