Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

16-шы балаға жүкті келіншек әлемдегі ең кәрі суррогат ана атанды

Опубликовано:

52 жастағы Англия тұрғыны Кэрол Хорлок 14-ші рет өзге жанұяға бала туып беру үшін келісімшарт жасасып, әлемдегі ең кәрі суррогат ана атынып отыр деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Кэрол Хорлок Эссекс графтығында 65 жастағы күйеуі Полмен бірге өмір сүреді. Оның бірінші некесінен екі баласы бар: 29 жастағы Стефани мен 25 жастағы Меган.

Сондай-ақ ол 13 баланың суррогат анасы атанған. Өзге жанұяларға туып берген әр бала үшін Кэрол 15 мың фунтқа дейін ақша алған.

Кэрол Хорлок алғаш рет 27 жасында суррогат ана болуға шешім қабылдады, ол кезде келіншектің өз балалары болған.

Оның айтуынша, 25 жыл бұрын тоғыз ай көтерген бірінші сәбиін ата-анасына берген кезде еш өкінбеген, себебі олардың бақытқа бөленгеніне көз жеткізген.

Суррогат ана өз өмірінде бір рет егіздерді, екі рет үшемді дүниеге әкеліпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1819550-16-sy-balaga-zkti-kelinsek-lemdegi-e-kri-surrogat-ana-atandy/

pixel