Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар қалташадағы шайлардың өте қауіпті екенін анықтады

Опубликовано:

Канадалық ғалымдар зерттеу жүргізіп, шай қалташаларын демдеген кезде одан көптеген пластик бөлшектер бөлінетінін анықтаған деп жазады Life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook
Қалташа арқылы демделген шайдың құрамында 11,6 миллиардқа жуық микробөлшек және 3,1 миллиард нанобөлшек болуы мүмкін. Бұл басқа тамақ өнімдері мен сусындардағы, оның ішінде пластик бөтелкелердегі судың құрамындағы микропластика көлемінен едәуір көп.

Бұл бөлшектер бастапқыда қалташаларда болмайды. Олар материалдың қайнаған сумен әрекеттесуі кезінде түзіледі екен.

Ғалымдар мұндай ұсақ бөлшектердің тірі организмге тигізер кері әсері бар-жоғын анықтамақ болады. Сөйтіп, ұсақ дафния шаянын микропластик бөлшектері бар суға салады.

Олар тірі қалған, дегенмен сәл уақыт өткен соң, іс-әрекеттерінде және анатомиялық құрылымында ауытқушылық пайда болған. Яғни, шаяндардың дамуы бұзылып, жылдам өсіп кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1819556-galymdar-kaltasadagy-sajlardy-te-kauipti-ekenin-anyktady/

pixel