Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде 68,9 мыңнан астам адам қоғамдық жұмысқа тартылған

Опубликовано:

Елімізде жергілікті атқарушы органдар тарапынан азаматтарды еңбекке тарту мақсатында қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылады.

Елімізде 68,9 мыңнан астам адам қоғамдық жұмысқа тартылған

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, 2019 жылдың күзіне дейін "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында 114 мыңнан астам азамат субсидияланған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған.

Қоғамдық жұмыстар кімдерге арналады?

Қоғамдық жұмыстар жұмысқа орналасушыдан алдын-ала кәсіби даярлықты талап етпейді. Нақтырақ айтқанда, жұмыстың бұл түрі жалпыға бірдей қолжетімді. Сонымен қатар қоғамдық жұмыс жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз етуге арналған.

Жалпы жұмыспен қамтудың бұл түрі әлеуметтік маңызға ие. Әрине, қоғамдық жұмыстарға тек жұмыссыз азаматтар ғана қатыса алады десек қателесеміз. Себебі жұмыспен қамту орталықтары студенттер мен жоғары сынып оқушыларын да қоғамдық жұмысқа бағыттай алады. Мұндай жағдайда мектептен бос уақытта жұмыс жасау, денсаулыққа зиян келтірмеу және оқу процесін бұзбау секілді маңызды шарттарды ескеру қажет.

Қоғамдық жұмыстарға жұмыссыз жандар, жұмысынан айырылуы себебінен әлеуметтік жәрдемақы алмайтындар немесе жұмыспен қамту орталығында жарты жылдан астам уақыт тіркеуде тұрған адамдар қатысуға құқылы.

Қоғамдық жұмыстар: не үшін?

Қоғамдық жұмыстар жұмыссыз азаматтарға материалдық қолдау көрсететін еңбек түрімен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ұйымдар мен мекемелердің маңызды әлеуметтік жұмыстарды жүзеге асыруына қажетті кадрлар дайындайды.

Елімізде 68,9 мыңнан астам адам қоғамдық жұмысқа тартылған

Азаматтардың қоғамдық жұмысқа тартылуы әр азаматтың жұмыспен қамту орталығында тіркелген күніне сәйкес және олардың келісімі арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ қаржыландыру жұмыс берушілердің өтініші бойынша жергілікті бюджет есебінен жүреді.

Қоғамдық жұмыстың қандай түрлері бар?

Жоғарыда айтып өткеніміздей, қоғамдық жұмыстар қатарына әртүрлі еңбек түрлері кіреді. Атап айтсақ, тұрғын үйлерді және жолдарды салу, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді салу, орман шаруашылығында жұмыс істеу, сондай-ақ абаттандыру мен көгалдандыру, орман шаруашылығы, демалыс және туризм аймақтарын сақтау мен дамыту секілді жұмыс түрлері бар. Сонымен қоса жұмысшылар қоғамдық-мәдени іс-шараларды өткізуге, оның ішінде спорттық жарыстарға, фестивальдарға және халық санағы кезіндегі жұмыстарға да қатысады.

Қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін үміткерлерден өтініш және жеке басын куәландыратын құжат, егер бар болған жағдайда арнайы білімі туралы құжат пен еңбек кітапшасының көшірмесі талап етіледі.

Жалпы жұмыспен қамту орталығы қоғамның дамуы үшін жасалатын жұмыстарды ұсыну арқылы азаматтардың еңбекке деген ынтасын одан әрі арттыруға өз септігін тигізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1819623-elimizde-689-mynan-astam-adam-kogamdyk-zmyska-tartylgan/

pixel