RU

Ер адамның сатқындығын кешірудің қажеті бар ма?

Ер азаматтың опасыздығын кешірген дұрыс па? Instagram желісіндегі astana__forum парақшасына хат жазған кейіпкер бес жыл отасқан күйеуінің көзіне шөп салғанын біліп қойған. Сатқындықтың азабын тартып жүрген келіншек енді қалай әрекет етерін білмей жүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Күйеуінің өзінен жасы үлкен әйелмен көңіл қосып жүргенін біліп қойған келіншек енді не істерін білмей, дал болып отыр.

"Отбасы құрғанымызға 5 жыл болды, екі ұлымыз бар, жақында күйеуім бір әйелмен болып жүргенін біліп қойдым өзінен жасы үлкен, қатты қиналып сыртымнан пышақ ұрған сияқты болып отырмын. Ешқашан маған солай жасайды деп ойламап едім, сеніп едім оған қатты. Әке шешесіне айтқым келеді, тіпті, оны көргім де келмей қалды. Не істесем болады? Кеңес айтыңыздаршы, кімнің басынан өтті?", - деп мұңын шақты кейіпкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1819703-er-adamny-satkyndygyn-kesirudi-kazeti-bar-ma.html