RU
"Еркектер жазады": Танымал визажист жігіт өзінің көгілдір емес екенін ашық айтты

"Еркектер жазады": Танымал визажист жігіт өзінің көгілдір емес екенін ашық айтты

Рассказать Вконтакте

Сұлулық әлемінің жұлдызы, танымал визажистердің бірі Асылжан YouTube желісіндегі Aman Tasygan LIVE арнасына қонаққа келді. Әдемілікті жаны сүйген жігіт өзінің мамандағының өміріне қалай әсер ететінін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Желідегі New Old Qazaqtar бағдарламасына қонаққа келген Асылжан тек сырғалымдарды бояп қана қоймай, өзіне де көңіл аударуды ұмытпайды.

Опа-далапты табыс көзі еткен жас жігіт бүгінде осы кәсібінің арқасында айына миллионнан астам ақша табатынын да ашып айтты.

"Қазір мен визажист қана емеспін, өзіме сұлулық салонын аштым. Осы салада үш жыл жұмыс жасағаннан кейін көп нәрсені білемін. Табысым өзіме жетеді. Өзіме, туысқандарыма жетеді", - дейді Асылжан.

Сонымен қатар, ол өзінің қызығушылығы үшін көптің сынына қалғанын, өзгелерден сөз естігенін де сөз етті.

"Қызылордада бір жерге шыққан кезде тиісе бастайды, тани бастайды. Жігіт болғаннан кейін, жігіт болып жүрмейсің ба дейтіндер көп", - дейді ол.

Асылжанның сөзінше, ол тек Instagram парақшасы үшін боянып, түрлі образдарды жасап көреді екен. Алайда шынайы өмірде көшеде боянып жүргенді ұнатпайды.

"Мен 30-40 жасыма дейін боянып жүре алмаймын ғой. Бұл тек образ. 25 жасқа дейін ғана осылай жалғастырамын. Әлі жаспын, қолымнан келіп тұр. Неге жасамасқа?", - дейді жігіт.

Сонымен қатар, бет әрлеуші жігіт өзін көгілдір деп есептейтіндерге жауап берді.

"Көбісі көгілдір деп ойлайды. Бірақ мен 100 пайыз өзімнің көгілдір емес екенімді білемін. Жігіттер жазады, көп жазады. Болашақта үйленемін. Бірақ әзір емес, өзім 22-де болғанда, бірінші кезекте тек карьера", - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз
4
0
1
0
0
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel