Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекжан Тұрыс: "Мен ояндым" деген жастар шын оянып жатыр ма екен?

Опубликовано:

Кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс қазіргі қазақ қоғамы туралы пікірін ашық айтты. Ол соңғы уақытта "Мен ояндым" деп ұрандатып жүрген жастар жайлы да ойымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Алматы телеарнасы
Фото: Видеодан кадр/ Алматы телеарнасы: Twitter

Өз пікірін актер Асхат Садырбайдың "Не істейміз?" бағдарламасында білдірді.

Ол зұлмат кезеңдерде өз рухын жоғалтпаған қазақтың бүгінгі күйіне күйініп, "Бір спектакльде "Жарайды, сендердің соңдарынан ерейін. Бірақ, мына қазақтың өліп қалған рухы қайта ояна ма?" деген сөздерім бар еді" деп түйіндеді.

Ал тележүргізушінің "Мен ояндым деп жүрген жастар бар ғой" деген сұрағына Бекжан Тұрыс іркілмей жауап қатты.

"Жастардың бәрін кінәлай беруден аулақпын. "Солар шын оянып жатыр ма екен?" деген сауал болады. Олардың ішінде сенетін жастар бар. Кейбірінен шынайылық байқадым, кейбірі әшейін дайындалуы мүмкін. Оянса, әрине, құба-құп қой. Ал тура солардың замандастарын қарсы қойып, "Сен кешегі жер мәселесінде қайда болдың?", "Неге үндемейсің" дейді. Ал соны жазып отырған адамның өзі қайда болды екен? ",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1819830-bekzan-trys-men-oandym-degen-zastar-syn-oanyp-zatyr-ma-eken/

pixel