RU
Шалқарда құрдасын өлтірген 16 жастағы бала тоғыз жылға абақтыға қамалды

Шалқарда құрдасын өлтірген 16 жастағы бала тоғыз жылға абақтыға қамалды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысында өз қатарласын пышақтап өлтірген жасөспірімге үкім шықты.  16 жастағы бозбала 9 жылға бас бостандығынан айрылып, абақтыға қамалды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шалқарда құрдасын өлтірген 16 жастағы бала тоғыз жылға абақтыға қамалды

Фото: KAZ.NUR.KZ

Сот үкім шығарарда сотталушының  кәмелеттік жасқа толмағанын, жасаған ісін мойындағанын, іштей өкінетінен ескерген.

Адам өлімімен аяқталған жасөспірімдер текетіресі сегіз ай бұрын тіркелген болатын.

Коньки тебуге шыққан мектеп оқушылары мұз айдынының үстінде төбелескен.

16 жастағы бозбала қарсыласының жүрек тұсына пышақ салады. Суық қару денеге 11 см тереңдікпен кірген. Жәбірленуші 2 мың мл қан жоғалтқан.

Ауыр жарақаттан көз жұмған Мирасбек Дәулетияр спорттан республикалық чемпионаттардың жеңімпазы болған. Марқұмның әкесі баласы өрт сөндіруші болуды армандайтынын айтты.

Оқиға болған кезде қатарласының қансырап жатқанын көрсе де қашып кеткен сотталушы кейін кінәсін мойындап, полицияға өзі барған.

Әлі мектеп бітіріп үлгермеген жасөспірімнің тоғыз жылы қауіпсіздігі орташа абақтыда өтеді.

Сонымен қатар, сотталушының ата-анасы жәбірленуші тараптың материалдық шығыны ретінде қорғаушыға және садақаға жұмсалған 1 млн 618 мың теңге және моральдық шығын ретінде 3 млн теңге төлеуге тиіс.

Сотталушының туыстары сот үкімімен келіспейді. Апелляциялық шағым түсірмек.

Сіздің реакцияңыз
2
1
3
6
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel